Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба?

20.04.2026, 09:45
106
Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? ЖИ иллюстрациясы

Мұра мен міндет: Дүйсенованың «балапаны» қалай өсуде?

Бұл жоба кезінде еңбек және халықты әлеуметтік қамсыздандыру саласын түрлі басшылық қызметте 16 жыл бойы табан аудармай басқарған Тамара Дүйсенованың мақтанышы әрі саяси мұрасы іспетті еді. Алайда, сол «мирастың» бюджет иығына түскен бүгінгі шығынықанша деген сауалға келгенде, тіпті депутаттардың өзі хабарсыз екен.

Қазіргі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі де бұл жобаны өзінің басты бір жетістігі ретінде көрсетуден танбайды.Ведомство әлеуметтік желіде және тіпті ақпарат құралдарында лаулай бастаған дау-жанжалдардан арашалағысы келді ме, ресми сайтында: «Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары қазақстандық қарттардың өмірін өзгертуде» деген тақырыппен пафосқа толы хабарлама жариялады.

Мемлекеттік тапсырыспен күн көретін ақпарат құралдары да бұл тақырыпта аянып қалған жоқ. Орталықтарды аяқ-қолын жерге тигізбей мақтаған мақала-сюжеттер қарша борады. Тіпті, кейбірі осы орталықтарда танысып, отау құрған қарияларды тауып алып, әсіреқызыл жарнамаға аға ұрпақты пайдаланып, «орталықтың арқасында бақыт таптық!» деген алғысқа толы репортаж жасады.

Бірақ бұл жерде бір заңдылық ескерусіз қалған: адам баласы, соның ішінде өмірлік тәжірибесі мол қариялар базарда да, той-томалақта да, тіпті автобус аялдамасында да танысып, тағдыр қоса береді. Орталықтан айырмашылығы, көшедегі кездейсоқ таныстықтар үшін мемлекет бір тиын да шығындалмайды.

«Аға буынға қамқорлық көрсету мен олардың белсенді өмір сүруіне жағдай қалыптастыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі басымдықтарының бірі! Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа дейін жетті. Біздің министрлік әлеуметтік қамсыздандырудың дәстүрлі моделінен егде жастағы азаматтардың өзін-өзі жүзеге асыруына қолайлы орта қалыптастыруға кезең-кезеңімен көшуде. Бұл бағыттағы негізгі құрал «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының желісі», дейді министрлік.

Ресми мәлімет бойынша бүгінде елімізде осындай 134 орталық бар. Онда егде жастағы азаматтар кеңес алады, бос уақытын тиімді өткізіп, шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік алады-мыс.

Ведомствоның сендіруінше, ел қазынасынан бағытталған қаржы ағынына осы орталықтар шау тартқан азаматтарға мынадай қолдау көрсетуге тиіс екен: олардың денсаулығын нығайту, кедергісіз қолжетімді орта қалыптастыру және қоғамдық өмірге белсенді тарту.

«Атап айтқанда, келушілер үшін йога, скандинавиялық жүру және сауықтыру гимнастикасы сабақтары ұйымдастырылған. Когнитивтік денсаулықты сақтау және цифрлық ортаға бейімделу мақсатында IT және smart-сауаттылықты арттыру курстары, сондай-ақ шет тілдерін оқыту жүргізіледі. Орталықтардағы кәсіби медициналық, психологиялық және құқықтық кеңестер қолдау көрсетудің маңызды бөлігі! Әлеуметтік оқшаулану көшпелі іс-шаралар ұйымдастыру, мәдени нысандарға бірлескен сапарлар және тақырыптық концерттер өткізу арқылы тиімді шешілуде», деді министрлік өкілдері.

Министрлік мақтауы мен шынайы өмір арасы

Тіпті жастар да тамсанатындай екен. 2025 жыл қорытындысындаорталықтар 850 мың қызмет көрсетті. Аз ба, көп пе? 134 орталыққа бөлсек, 6,3 мың қызмет қана. Салыстырғанда, мысалы, бір ғана халыққа қызмет көрсету орталығы жылына 120 мыңнан астам қызмет түрін көрсетеді. Яғни, 134-і жабылып жүріп, бір ХҚО-ға тең болмаған.

Бұл ретте Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2026 жылдың басында 65 жастан асқан азаматтар саны 1 млн 975 мың адамды немесе жалпы халық санының 9,6%-ын құрады.

Орталықтарда қордаланған мәселенің қарасы тіпті қалыңдайтүскендей. Елорда тұрғыны Гүлжан апай бұрын бұл орталыққа тұрақты барып тұрғанын айтады. Таныстары оны «Зейнеткерлер кеңесі» деген топқа кіргізеді. Сонда Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы өзіне келуге белсенді шақырып жатыр екен.

«Не екен деп қызығып, бас сұқтық. Үстел ойындары тұр, бірақ оныойнау үшін де қызметкердің босауын күту керек, өйткені бізді «ұрлап кетпесін» деп бақылап тұрады. Аулада йога өткізді. Бұл міндетті екен. Остеохондрозды түзету үшін жеке жаттығу жоспарын жасатып алайындеп жаттықтырушыдан мамандығын сұрасам хореограф! Бізден сонда балерун жасамақ па? Сабағы ұнамады, балабақшадағы «зарядкаға» ұқсайды. Онымен қоймай, «Неге көп сұрақ қоя бересіз!»деп зекіп тастады. Қартайған шағымызда мұндай сенімсіздік пен құрметсіздік көңілге қаяу түсіреді», дейді Гүлжан апай.

Ол өзге орталықтарды да адақтап шығыпты. Еуропадағы сияқты аквааэробикаға, бассейнге, киноға тегін апаратыны болса, қатысайын деген ойда болған екен. Ондайды таба алмапты, тек «балабақша деңгейіндегі» жаттығулар, жеңіл-желпі қызметтер ұсынылады.

Қағаздағы қамқорлық пен қақпай көрген қариялар

Мемлекет қарттардың «алтын күзін» шуақты етпек болып, «Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын» құрғанда, үлкен үміт артқаны анық. Алайда бұл игі бастамаға қатысты ақпараттық кеңістік пен әлемжеліалғыстан емес, ашынған пікірлерден аяқ алып жүргісіз.

Жалпы, форумдар, әлеуметтік желілер мен 2GIS пікір тақтасы бұл ұйымдардың бетпердесін сыпырып жатыр. Адамдардың арызынан анықталғаны, бірінші кезектегі түйткіл қызметкерлердің төмен біліктілігі және адами әдептен аттап өткен ожарлығы.

«Ағылшын тіліне тегін үйретеді деген соң бардым. Оқытушы бірде келеді, бірде келмей қалады. Сабақты орта жолдан үзіп, кете салады. Қайталап сұрасаң, сенімен салғыласады. Тиын-тебен төленетініне шағымданады. Біздің кінәміз не?», дейді Людмила.

Тағы бір қария оқытушының жасы келген адамды жақтырмай, «сасықсың» деп намысына тиіп, қуып шыққанын баяндады. Пікір білдірушілер күзетшілердің дөрекілігіне шағымданады. Бұлардыңқатқыл үні мен тоңтеріс мінезі қарияларды қоғамдық ортаға тартудың орнына, оларды оқшаулауға итермелері даусыз.

«Жабық есік» терапиясы: келмеген маман, күткен қария

Екінші бір өзекті мәселе кадр тапшылығы және соның салдарынанжұмыс кестесінің сақталмауы. Кейбірінің есігі жиі жабық тұратын көрінеді. Лайықты қызмет көрсетілмейді. Кейуаналар күтіп-күтіп, ешкім келмеген соң кетіп қалуға тура келгенін жазды.

Бұл ұйымдар өз келушілерін әдетте ортақ WhatsApp-тобына қосады. Бірақ онда орталықтың жабықтығы туралы маңызды ескертпе орнына әлдебір пайдасыз жарнамаларды жариялайды екен.

Тағы бір проблема парасы орталықтар жұмысының «мөлдір», жария еместігі. Қариялар қажетті ақпараттың жоқтығына, жұмыстың нашар ұйымдастырылғанына шағымданады: «Жақын жердегі орталықтың телефон нөмірін іздеп, таба алмадым. Орталықтар туралы анықтамалық ақпарат Еңбекминінің сайтында да байқалмайды. Сабақтардың қай тілде өтетіні де белгісіз», дейді Маржан апай.

Бұл «мөлдірліктің» жоқтығы бюджет қаржысының қалай жұмсалып жатқанына күмән ұялатады. Келесі бір пікір білдіруші орталықтың қолжетімсіз екеніне, келушілерді келесі ағынға жазу тек бір айдан кейін басталатынына көңіл толмастығын білдірді. Яғни, ұзын кезек пен артық жүктелу де жиі кездесетін түйткіл болса керек.

Шағымданушылардың бір тобы аймақтарда орталықтардың лайықсыз ғимаратта орналасқанына назар аудартады. Мысалы, лифт не пандусжоқ ғимаратта ашылған немесе кіру үшін бүкіл үйді айналып жүру керек. Қасында көлік қоятын автотұрақ болмайтыны да айтылады.

Яғни, проблемалары жүйелі сипатта: жұмысының ұйымдастырылуына,білікті кадрлар тапшылығына және сапасыздығына, коммуникацияның, кері байланыстың кемшілігіне және басқасына қатысты. Тіпті біріндеұзақ уақыт дәретхана істемепті.

Бостандықтағы былық: тендер тәтті, тонометр тапшы

Осының алдында Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлер мердігер ауысқаннан кейін жағдайдың нашарлағанына шағымданған болатын. Сабақтар қысқарып, қызметкерлердің бір бөлігі жоғалып кеткен. Orda.kz дерегінше, сомасы 60 млн теңгеге жуық келісімшартты жаңа өнім беруші — «Ақтөбе Дамуы» қоғамдық қоры иеленді.

Зейнеткерлер жиын өткізіп, оған журналистер мен аудан әкімін шақырды. Орталықтағы түйткілдер туралы Гүлдана Тілегенова мәлімдеді. Оның айтуынша, өнім беруші ауысқаннан кейін жағдай айтарлықтай нашарлаған. Басты наразылық — үйірмелер саны 12-ден 45-ке дейін қысқарған, сабақтар саны күрт азайды. Егер бұрынжаттығулар аптасына үш рет өтсе, қазір тек екі рет қана өткізіледі.

Бұдан бөлек, зейнеткерлер сағаттық төлемақының 7 000 теңгеден 4 000 теңгеге дейін төмендеуіне байланысты білікті жаттықтырушы жұмыстан кетті деп отыр. Шағымдар басқа кадрларға да қатысты:медицина қызметкері, әлеуметтік қызметкер жоқ, әкімшісі тұрақсыз.

Ең сорақысы қауіпсіздік мәселесі. Сабақ кезінде денсаулығы сыр берген қарияға көмек көрсететін медицина маманы түгіл, қан қысымын өлшейтін тонометр де табылмаған. Ал, ақпарат құралдарының дерегінше, жаңа мердігер жұмысының алғашқы айында-ақ келісімшарт сомасының жартысына жуығын — 32 млн теңгені қалтасына басыпты.

Сондай-ақ, техникалық ерекшелік бойынша орталықта кемінде 5қызметкер болуға тиіс, бірақ іс жүзінде олардың саны аз. Кейбір келушілер жалақы аударылып отыруы мүмкін «өлі жандар» (құжатта бар, істе жоқ адамдар) туралы ашық айтуда.

Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Алмаз Кеңесбай «Ақтөбе Дамуы» қоры тендерді заңды жеңіп алғанын мәлімдеді: алдыңғы өнім беруші міндетті құжатының бірі болмай, конкурстан шеттетілген.

А.Кеңесбай сондай-ақ бюджеттік қаржыландырудың кешіктірілгенінжасырмады: қаражат тек наурыз айынан бастап қарастырылған. Шенеунік өзге мәселелердің бар екенін ішінара растады.

Кездесу қорытындысы бойынша әкім өнім берушіге заң бұзушылықтарды жоюға екі апта уақыт берді. Штатты толықтыруды талап етті. Бағдарламалар санын 12-ге дейін жеткізуді міндеттеді. Жаттықтырушылардың еңбекақысын қайта қарауды тапсырды.

Егер Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары қариялар үшін қуаныш емес, күйзеліс пен уайым сыйлайтын орын болса, онда мұндай «қамқорлықтың» кімге керегі бар? Мемлекет тарапынан бақылауды күшейтіп, мердігерлердің жауапкершілігін қатайту қажет.

Қарттарға қажеті әдемі есеп емес, шынайы көмек пен кәсіби медициналық оңалту. Егер бюджеттің қыруар қаржысы «хореографтың йогасына» жұмсалып жатса, бұл жобаның тиімділігін қайта қарау уақыт талабы. Сала түбегейлі жүйелі реформаны талап етеді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды