Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты

20.04.2026, 12:33
95
Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Ақорда

Президент Мұхтар Шахановтың қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесін ерекше атап өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, қоғам қайраткері, халық жазушысы, «Қазақстанның Еңбек Ері» Мұхтар Шахановтың дүниеден өтуіне байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы жеделхатында Шахановтың қазақ руханиятындағы айрықша орнына тоқталып, оның өмір жолы мен шығармашылық мұрасын жоғары бағалады.

«Мұхтар Шаханов — бүкіл ғұмырын сөз өнеріне арнаған бірегей тұлға. Ол ұлттық поэзияны жаңа деңгейге көтеріп, әдебиет пен мәдениеттің көкжиегін кеңейтті. Ана тіліміздің тағдырына шын жанашыр болған қайраткер ретінде маңызды бастамалардың басында тұрды. Оның шығармалары әлемнің көптеген тіліне аударылып, оқырман жүрегінен орын алды. Артында бай әдеби мұра қалдырған ардақты азаматтың жарқын бейнесі ел жадында мәңгі сақталады», — делінген жеделхатта.

Президент ақынның өнегелі ғұмыры мен ұлттық мәдениетке қосқан үлесі ұмытылмайтынын атап өтті.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды