Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды

Азиз Қалижан Редактор
20.04.2026, 10:48
76
Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды әлеуметтік желіден

Күдікті оқиға абайсызда болғанын мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семей қаласында мысықтың кір жуғыш машинада қаза табуы қоғамда қызу талқыға түсті. Әлеуметтік желіде тараған жазба құқық қорғау органдарының назарын аударып, іс бойынша тексеріс жүргізілді.

Оқиғаға себеп болған — қала тұрғынының өзі жариялаған бейнежазбасы. Онда ол мысықтың қайғылы жағдайда өлгенін айтып берген. Бұл жазба желі қолданушыларының ашу-ызасын туғызып, жауапкершілікке тартуды талап еткен үндеулер көбейді.

Желіде тараған мәліметке сәйкес, баласы алдымен мысықты мұздатқышқа салып, кейін жануар кір жуғыш машинаның ыстық режиміне түскен. Алайда бұл деректер ресми түрде расталмады.

Абай облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша тексеру жүргізілгенін хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, оқиға абайсызда болған.

«18 сәуір күні Семей қаласының тұрғыны әлеуметтік желідегі парақшасында мысықтың кір жуғыш машинада өлгені туралы бейне жариялаған. Тексеру барысында бұл жағдайдың абайсызда болғаны анықталды», — деп мәлімдеді полиция.

19 сәуірде жануар иесі жауапкершілікке тартылып, жануарларға жауапкершілікпен қарау талаптарын бұзғаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Оқиға қоғамда жануарларға қатыгездік мәселесін қайта көтеріп, әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды