200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты

20.04.2026, 10:54
43
200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты gov.kz

«Астана» өңірлік қолбасшылығы 31775 әскери бөлімінің рота старшинасы 3-сыныпты сержант Тимур Ержанов Қазақстан Қарулы күштері әскери қызметшілері арасында жаңа рекорд орнатты.

200 шақырымдық ультрамарафон қашықтығын 34 сағат 55 минутта еңсерген ол бұл жүгірісін Құрлық әскерлерінің құрылған күніне арнады.

Қарағанды қаласындағы әскери бөлімнің аумағынан басталған марафонның алғашқы шақырымдарын Тимур жұбайы Жанармен бірге жүгіріп өтті. Туған жері – Ұлытау облысының Жаңаарқа кентінде мәреге жеткен әскери қызметшіні туған-туыстары, әріптестері мен жерлестері қарсы алды.

Жол бойы сержантқа әріптестері қолдау көрсетіп, кейбір учаскелерде бірге жүгіріп отырды. Әйтсе де, шақырымдардың негізгі бөлігін ол өз күшімен бағындырды.

– Тимур рухының мықтылығын, төзімділігі мен қызметке адалдығын көрсетті. Оны жеке құрам үлгі тұтады, – деді мотоатқыштар батальонының командирі майор Тасқын Әнуарбекұлы.

Жүгірумен бес жылдан бері айналысатын әскери қызметшінің айтуынша, ол марафондарға тұрақты қатысып тұрады. Биыл Құрлық әскерлері күніне орай 200 шақырым қашықтықты жүгіріп өтуді мақсат еткен.

– Жолда жаңбыр да, қар да жауды. Шаршаған кездерім де болды. Бірақ отбасым мен әріптестерімнің қолдауы мәреге жетуіме көмектесті, – деді Тимур Ержанов.

Бұған дейінгі рекорд Қарағанды гарнизоны Әскери полиция басқармасының офицері майор Заңғар Әлкеновке тиесілі болғанын айта кету керек. Ол 2020 жылы 200 шақырымды 35 сағат 11 минутта жүгіріп өткен болатын.

Жаңа нәтиже Қазақстан Қарулы күштері әскери қызметшілерінің жоғары дене дайындығын және қызметке адалдығын көрсетеді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды