Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды

20.04.2026, 10:27
81
Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды әлеуметтік желіден

Шаруалар өлекселер уақытылы жойылмаса, малға жұқпалы ауру тарауы мүмкін екенін айтады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысының Құрманғазы ауданында киіктердің жаппай қырылуы тұрғындарды алаңдатып отыр. Дала кей жерлерде өлексеге толып кеткен. Жергілікті шаруалардың айтуынша, жануарлардың өлекселері көзге көрінген жердің бәрінде жатыр.

Куәгерлердің сөзінше, жағдай санитарлық қауіп төндіруі мүмкін. Тұрғындар ауру таралуынан қауіптеніп отыр.

«Даламен жүру мүмкін емес — жан-жағы өлексеге толы. Егер оларды уақтылы жоймаса, түрлі ауру тарауы мүмкін. Бұл малға да зиянын тигізе ме деп алаңдаймыз», — дейді шаруалар.

Ресми дерекке сәйкес, бүгінгі күнге дейін 800-ден астам киік өлексесі жиналған. Оларды жою жұмыстарына «Охотзоопром» мамандары, «Ақжайық» қорығының қызметкерлері, аумақтық инспекция және жергілікті атқарушы органдар тартылған. Өлекселер өртеу және көму арқылы залалсыздандырылып жатыр.

Ал орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бұл жағдайды кенеден болған індетпен байланыстырмайды. Мамандардың айтуынша, бұл — табиғи құбылыс.

«Киіктер кенеден қырылып жатқан жоқ. Бұл — табиғи өлім. Қыс мезгілінен кейін жануарлар әлсіреуі мүмкін. Жалпы киіктің өмір сүру ұзақтығы 7–8 жыл шамасында», — деді бас маман Мереке Шалхаров.

Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысынан Құрманғазы ауданына шамамен 800 киік кірген. Кейін олардың бір бөлігі Ресей аумағына өткен. Қазіргі таңда аудан аумағында 15 мыңға жуық киік бар.

Ресми органдар жүздеген жануардың қырылуын табиғи процесс деп бағалағанымен, жергілікті халық бұл пікірмен келіспей отыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды