Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты

21.11.2024, 18:08
860
Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты freepik.com

Миллиардтарды жымқырды деген күдікке ілінген Перизат Қайраттың қоры ашық көздердегі суреттерді пайдаланып келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, BizBirgemiz қоғамдық қорының сайтында жарияланған фотосуреттер Freepik арнайы сайтынан сатып алынған болып шықты. Бұл туралы Кaztag.kz басылымы жазды. 

Басылымның мәліметінше, қордың бас бетінде ақша жымқырды деп күдікке ілінген қордың құрылтайшысы Перизат Қайраттың суреті жарияланған.  Ол су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 1,5 миллиард теңге мен Палестина халқына көмек ретінде жиналған 200 миллион теңгені ұрлағаны үшін күдікке алынған.

Сайтта көрсетілген мәліметтерге сәйкес BizBirgemiz қоры Қазақстанның Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Абай, Ақмола және Ұлытау облыстарында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жинауды ұйымдастырған. 
Қор өзі өткізген қайырымдылық акцияларын сипаттап, екі фотосуретпен біріктіріп жіберген. 

Фото: freepik.com

Біріншісінде бір топ адам, оның ішінде көбінесе шетелдік азаматтардың азық-түлік жинап жатқаны көрінеді. Екіншісінде жас қыз қолында қорап ұстап тұр. Бірақ Google Chrome браузерінің Google Lens функциясын пайдаланып, бұл фотосуреттердің түрлі сайттарда кездестірілетінін көруге болады. Ал суреттердің негізгі көзі Freepik болып шықты.

Фото: kaztag.kz

Фото: kaztag.kz

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды