Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты

22.11.2024, 12:44
1512
Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Facebook / Гүлмира Әбіқай

«Елге көмек» қайырымдылық қорының өтірігін журналистке оқырманы айтқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қорының былығын ашты. Айтуынша, жақсылық жасауға ұмтылатын қор халықты алдап жүрген көрінеді.

Журналистке Ұлжан есімді алматылық келіншек хабарласып, мән-жайды түсіндірген.

«Елге көмек» қайырымдылық қоры суретке түсіріп «осы апаға үй алып берейік, бір қазақ үйлі болсын» деп видео түсірді. Бәріміз сеніп, ақша жинадық. Кейін «апаға үй алдық, осынша ақша жиналды» деп есеп берді. Апаны 3-4 айдан кейін қайтадан бұрынғы қалпында көріп қалдым. Таңқалып ападан «апа үйіңіз бар, неге тағы шықтыңыз?» деп сұрадым.

Сөйтсем «Жоқ, ол балалар мені алдап кетті. Бір жерден пәтер жалдап берді 3 айға» дейді. Апаны емдеттік деп емханаға әкелгенін де көрсеткен. Ол да өтірік болып шықты. Ешқандай емдетпеген, жай әшейін видео үшін ғана солай көрсеткен», - дейді келіншек. 

Келіншек қайырымдылық қорының өтірігін білгеннен кейін мүлдем ақша аудармайтын болыпты. Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қорынан ресми жауап күтіп отырғанын мәлімдеді.  

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді