Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па?

22.11.2024, 14:41
607
Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? tumba.kz

Қазір әлеуметтік желіде «Өзенмұнайгаз» компаниясына қарасты Бұрғылау басқармасының ереуілге шыққан жұмыскерлерінің мәселесі қызу талқыланып жатыр.

Бірі қолдаса, енді бірі жұмыскерлердің талабы орынсыз екенін алға тартып отыр.

Бүгін БАҚ өкілдерімен кездесуде «Қазмұнайгаз» компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов ереуілге шыққан жұмысшылары қашан толық жұмысқа оралатынын айтты.

«Қазіргі ақпарат бойынша 160 адамның ішінде 19-ы жұмысқа шықты. Яғни, 141 адам жұмысқа шықпай жатыр. Жалпы «ӨзенМұнайГазды» айтсақ, 4770 адамның ішінде 4630 адам қазір жұмыста. Біз оларға ешқандай уақыт қойып отырған жоқпыз. Үнемі айтып жатырмыз. Қазіргі акция дұрыс еместігін түсіндіріп, оларды жұмысқа қосылуға шақырып жатырмыз. Яғни, олар міндеттерін толық атқару керек», - деді ол. 

БАҚ өкілдері «Ереуілге қатысқан жұмысшылардың жұмыс беруші тарапынан қысым жасалып жатқаны туралы мәлімдемесінен кейін ішкі тексерулер жүргізіліп жатырма - деген сұрақ қойды.

«Ешқандай ішкі қысым жоқ. Оны мен сізге ресми айтып отырмын. Күнделікті кездесіп, ашық жұмыс істеп отырмыз. Бір ғана мекеменің өзінде 37 одақ, 3 үлкен кәсіподақ бар. Жұмысқа шығу қажет. Қосымша бір ұсыныстар, ескертулер болса, біз оларды ешқашан шектемейміз. Тікелей диалогқа дайынбыз», - деді Асхат Хасенов.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды