«Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
22.11.2024, 15:05
571
«Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Алматы облысы Қарасай ауданында ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны темір құралмен және балғамен ұрып өлтірмек болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, салдарынан жәбірленушінің басы бірнеше жерден тігілген, қолдары сынған. Әйелді әріптестері аман алып қалды.

Артынша ер адам әйел жұмыс істейтін мектепке барып, баласына зиян келтірмек болған. Бірақ мектеп директоры ер адамды мектеп ғимаратына кіргізбеген.

Алматы облысының полиция департаменті болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, соттың санкциясымен күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде заңды шешім қабылдана отырып, мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті тексеру үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылданады. Тергеу барысы бақылауда. Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жария етілмейді», – делінген хабарламада.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді