813

Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды

Бұған дейін Қызылорда облысының әкімі «Қайсар» командасына бюджеттен аз қаржы бөліп, есесіне ауыл спортын дамытуға көңіл бөлінетінін айтқан еді.

Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды
fcordabasy.kz

Бүгін Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәжілісінде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков те «Ордабасы» клубына бөлінетін қаражат қысқаратынын жеткізді.

«Қалаға басшы болып келген уақытта команданың біршама қарызы болған. Сол кезде «команда ойынын жалғастыра ма, айлықтарын ала ма?» деген мәселелер алдан шықты. Солардың бәрін қолға алып, қарызды жабуға тура келді

«Ордабасының» бұрынғы басшылығы тұсында жасалған келісімшарттар болды. Клубтың премьер-лигада өнер көрсететін шығындары бар.

Нақтыласақ, «Ордабасы» ойыншыларына басқа клубтарменсалыстырғанда жоғары айлық қойылған. Әрбір келісімшарт УЕФА-ға тіркеледі. Оны біржақты бұзуға болмайды. Соның бәрін реттедік.

Бюджеттен 5,3 миллиард теңге бөлдік. Кәсіпкерлер 1 миллиард теңге берді. Енді 16 футболшымен қоштасамыз. Келісімшарттарыаяқталды. Келесі жылы басқа өңірлердегідей 1,2 миллиард теңге ғана қаржы береміз, - дейді Ғабит Сыздықбеков.

Материал авторы