Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды

22.11.2024, 17:53
511
Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды жеке мұрағатынан

Мәжілісте «AMANAT» партиясы фракциясының жиыны барысында депутаттар есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселесін қарады.

Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов атап өткендей, осы мақсатта есірткі айналымына қарсы іс-қимыл бойынша түзетулер әзірленіп, ол бірінші оқылымда қабылданды. 

Атап айтқанда, есірткі қылмысының, әсіресе есірткі өндірушілер мен «наркобарондардың» жазасын қатаңдату ұсынылады. Бұл ретте, Мемлекет басшысы әділ атап өткендей, ірі есірткі қылмыскерлері мен ұсақ закладчиктерге бірдей көзқарас танытуға жол берілмейді.

Бүгінде есірткі қылмысы үшін сотталған 4 мыңнан астам адамның 1300-ге жуығы закладчиктер саналады. Сондықтан Мәжіліс Спикері алғаш рет қылмыс жасаған есірткі курьерлерінің жазасын жеңілдету мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

«Олардың арасында жасөспірім балалар, қаржы қыспағына іліккен жастар көп. Аталғандардың алды 10 жылдан астам бас бостандығынан айырылып отыр.

Шынтуайтында, оларды осы заңсыз іске тартқан есірткі өндірушілер мен закладчик-жеткізушілердің жазасы пара-пар емес. Сондықтан Мемлекет басшысы айтқандай, олардың әрқайсысын бөлек қарап, жазаларының деңгейін заң жобасының екіншіоқылымына дейін қарастыру қажет.

Бұл ретте есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар құқық қорғаушыларды наркобарондарға теңестіруді және оларға өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін ең ауыр жаза қолдануды ұсынамыз», — деді ол.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді