«Жұмада жамбасы жерге тиді…»: Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден өтті

Аиса Махамбет Редактор
23.11.2024, 11:28
2406
«Жұмада жамбасы жерге тиді…»: Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден өтті жеке мұрағатынан

Әнші үйдің тұңғышы болған әпкесі бақиға аттанғаны туралы қайғылы хабарын жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі Айткүл Майғазиева өмірден өтті.

Әнші 66 жастағы әпкесінің кеше жер қойнына тапсырылғанын жеткізді. Айтуынша, марқұм үйдің тұңғыш перзенті болған екен.

Әппақ әпкетайым, апатайым, ақылшым, аяулым, асылым, жаныңыз Жәннәтта шалқысын. Енді «Апатай, қалайсыздар?» деп қоңырау шалғанда, «Жақсымыз, Сәкбас, жаным, жарығым» демейсіз. Әпкедей мейірбан, тілеуқор, жанашыр болар ма?!

Әкеміз бен анамыздың тұла бойы тұңғышы (кемпір мен шалдың қызы) туған әпкем Айтгүл 66 жасында Раббысына қайтты. Кеше қасиетті жұма күні жер қойнына тапсырылып, жамбасы жерге тиді. Адам баласы Алланың өлшеп берген өмірінен бір минут ілгері не бір минут кейін өлмейтініне иман келтіргенбіз. Білсек те қимаймыз, – деді әнші.

Өнер иесі әпкесі үшін дұға етіп, оның қазасын анасына жеткізу қиын боларын айтты.

«Атам деп жылатсаң да, ботам деп жылатпа» деп отыратын анамызға ауыр болатын болды. Я, Алла сенен келдік, саған қайтарылушыларданбыз. Сенен жәрдем тілейміз. Қордабайқызы Айтгүл құлыңды Фирдаус жәннәттық ете гөр. 

Раббым өзіңнен рахым, Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (Алланың оған сәлемі мен салауаты болсын) шапағат сұраймыз. Анамызға, жездемізге, әулетімізге, жиендерімізге көркем сабыр бере гөр!, – деді әнші.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды