«Мен кіммін сонша?!»: Димаш Құдайберген жанкүйеріне құрметі үшін автограф беруден бас тартты

23.11.2024, 12:01
1012
«Мен кіммін сонша?!»: Димаш Құдайберген жанкүйеріне құрметі үшін автограф беруден бас тартты dimashnews.com

ҚР Халық әртісі Димаш Құдайберген автограф сұраған жанкүйерінің өтінішін орындаудан бас тартты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 21 қарашада «Stranger» туры аясында Прагада өткен жеке концертінің алдында Димаш Құдайберген шоуының медиа серіктесі Чехияның ÓČKO TV телеарнасының студиясына шақырылған.

Эфирді жазуды бастамас бұрын Димаш жанкүйерлерімен телеарна студиясының жанында кездесті. Dears сүйікті әртісімен амандасу үшін алдын-ала жиналған. Димаш чех, қазақ, орыс, ағылшын, испан, қытай және басқа да ұлт өкілдерінен жиналған жанкүйерлерімен әңгімелесіп үлгерген.

Жанкүйерлерінің бірі оған елінің туына қолтаңба жазып беруін өтінген. Әнші бас тартып, не үшін қол қоймағанын түсіндірді.  

«Бұл – ту. Мен туға қол қоя алмаймын. Қазақстанның туы немесе басқа елдің туы болсын. Мен кіммін сонша? Мен туға деген құрметім үшін қол қоя алмаймын. Кешірім өтінем», – деді әнші жанкүйерлерінің ортасында.

Сондай-ақ эстрада жұлдызы жанкүйерлеріне алғыс айтып, концертіне шақырды. 

«Маған деген сүйіспеншіліктеріңіз бен қолдауларыңыз үшін алғысым шексіз. Менің өнерімнің ары қарай шарықтауының негізгі себебі сіздердің маған деген махаббаттарыңыз.

Сіздердің шынайы қолдауларыңыздың арқасында сіздерге деген махаббатымның белгісі ретінде ертең мен өнерімді жан-жақты танытуға дайынмын. Алла бәріңізге разы болсын. Осындай мүмкіндіктерді тудырып жатқан Аллама сансыз шүкір айтамын! 

Сондай-ақ, сіздердің арқаларыңызда менің танымалдылығым бұрынғыдан да арта түскендей болды. Сіздерге көп рақмет! Ертең концертте кездескенше», – деп жүрекжарды тілегін білдірді әнші.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады