855

Асырап алған қызын 10 жасынан бері зорлап келген орманшы өзін атып өлтірді

Павлодар облысында 16 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген ер адам өз-өзін аңшылық мылтықпен атып өлтірді.

Асырап алған қызын 10 жасынан бері зорлап келген орманшы өзін атып өлтірді
көрнекі фотосурет / Sirojiddin Media

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысы Железин ауданында 16 жастағы қыз дәрігерлерге қаралып, кезінде оны қамқорлығына алған орманшы өзін 10 жасынан бері зорлап келе жатқанын мәлім еткен.

Деректерге сүйенсек, 16 жастағы қыздың зорланғаны балалар үйінде гинекологиялық тексеру кезінде анықталған. Содан кейін қыз өзінің қамқоршысы болған ер адаммен 10 жасынан бастап жыныстық қатынасқа түскенін растаған.

Бұл ақпарат бірден полицияға жіберілді. Құқық қорғау органдары орманшы болып жұмыс істеген күдіктінің үйіне келгенде, ол аңшылық мылтықпен өз-өзін атып өлтірді.

«Кәмелетке толмағандарды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды. Алайда, осы факт бойынша полицияға жүгінгенін біліп, ол өзін-өзіне қол жұмсады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда»,-деп хабарлады өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор