Джиу-джитсудан Әлем чемпионы Ұлттық ұланның «Жас бүркіт» клубына қосылды

23.11.2024, 13:31
856
Джиу-джитсудан Әлем чемпионы Ұлттық ұланның «Жас бүркіт» клубына қосылды ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Павлодар қаласындағы 5512 әскери бөлімінің базасында «Sam Team» балалар спорт клубының негізін қалаушы және жаттықтырушысы Самат Қонаевтың басшылығымен клуб тәрбиеленушілерімен кездесу өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, клуб мүшелері Мансұр Темірбай, Хадия және Сирин Қонаевтар, Дияр Назымбек және Айару Салман Әбу-Даби қаласында (БАӘ) өткен джиу-джитсудан Әлем чемпионатында үлкен жетістіктерге жетті. Олардың табандылығы мен шеберлігінің арқасында Қазақстан 6 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Іс-шара аясында жас Әлем чемпиондары «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының қатарына салтанатты түрде қабылданды. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әскери бөлім командирі подполковник Арман Пернеқұлов спортшыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Ұландықтар ең жас чемпион — алты жасар Хадия Қонаеваға Ұлттық ұлан беретін тарту етті.

— Бүгін біз джиу-джитсудан Әлем чемпионы атанған жеңімпаздарымызды құттықтау үшін жиналдық, олар өздерінің батыл күрестерімен және күш-жігерлерімен елімізді әлемдік аренада таныстырды. Сіздер бүкіл әлемге қазақстандық жастардың өз дәстүрлеріне адал бола отырып, биіктерге жетуге қабілетті екенін дәлелдедіңіздер.

Сіздердің жеңістеріңіз — бұл жеке жетістік қана емес, сонымен қатар әркім үшін өзелін қалай сүю және оның өркендеуі үшін жұмыс істеу керектігінің үлгісі. Өзеңбегімен нағыз чемпиондарды тәрбиелеген тәлімгерлеріңіз — Самат Қонаевқа ерекше құрмет білдіргім келеді.

Сіздің энергияңыз, жауынгерлікрухыңыз бен күшіңіз жас патриоттар клубының жаңа мүшелерін және жасұрпақты шабыттандырсын. Сізге зор денсаулық, жарқын жеңістер және биікбелестерді бағындыруға деген талпыныс тілеймін, - деді 5512 әскери бөлімінің командирі подполковник Арман Пернеқұлов.

Салтанатты шара мерекелік концертпен және жалпы суретке түсумен аяқталды.

«Sam team» клубы жас спортшыларды шабыттандырып, еліміздің патриоттық рухын нығайта отырып, Қазақстанды әлемдік аренада дәріптеуді жалғастыруда.

 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді