868

«Қажылыққа апаруды армандап едім»: танымал блогер Дамеля ата-анасымен кіші қажылыққа барды (ФОТО)

Қасиетті жерге келуді аса қатты армандағанын айтты.

«Қажылыққа апаруды армандап едім»: танымал блогер Дамеля ата-анасымен кіші қажылыққа барды (ФОТО)
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жастар арасында аса танымал блогер Дамеля Sweet ата-анасымен Меккеге кіші қажылыққа аттанды. 

Желі жұлдызы бұл жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жария етті. Ол ата-анасымен түсірген видеосын бөлісіп, Меккеге келгенін хабарлады. Бейнежазбада блогердің хиджаб киіп алғанын көруге болады. Дамеля Sweet бұл қасиетті жерге келуді аса қатты армандағанын жасырмады.

«Қолымыздан келді! Жаратушының шақыруымен ата-анам қасиетті мекенге аяқ басты. Шынымды айтайын, мен бұл күнді аса қатты армандадым. Сіздердің де армандарыңыз орындалсын», - деп жазды желі жұлдызы.

Оқырмандар Меккеге ата-анасын апарған блогерге тамсанып, ол үшін дұға етті.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор