«Қой сойып, шығарып салдым»: актер Шәріп Серік тағдыры ауыр кейіпкерді сомдаған соң психологиялық ауытқу сезіне бастаған (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
23.11.2024, 16:42
903
«Қой сойып, шығарып салдым»: актер Шәріп Серік тағдыры ауыр кейіпкерді сомдаған соң психологиялық ауытқу сезіне бастаған (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Өнер иесі «Қарға» сериалындағы кейіпкерінің образынан шығу үшін құрбандық шалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал актер Шәріп Серік кино саласындағы мансабында болған ауыр рөлдері туралы айтты. Өнер иесі рөлге кіру қаншалықты қиын болса, одан шығу да оңай емес екенін жеткізді.

Шәріп Серік өзі түскен «Қарға» сериалындағы кейіпкерін сомдау өзіне аса ауыр болғанын жасырмады. Ол тіпті бұл жобадағы рөлінен шығу барысында психологиялық сессияларға қатысқанын айтты. Өнер иесі бүгінде кейіпкерлерімен қоштасу рәсімін өткізетінін жеткізді. Ол жоба аяқталған бойда қой сойып, сомдаған кейіпкерін шығарып салатынын айтты.

«Қарға» сериалы менің өмірімді өзгертті. Көп нәрсеге деген көзқарасым өзгерді. Менің кейіпкерімнің аты – Қанат. Оны анасы сәби кезінде сөмкеге салып, қоқысқа тастап жіберген. Кейін оны біреулер тауып, балалар үйіне өткізеді. Ол жерде оған бір қыздың өлімін мойнына іліп, 13 жыл түрмеде отырады.

Жалпы айтқанда 26 жыл бостандық көрмейді. Түрмеден шыққан соң ол бәрінен кек алады. Мен көп рөл сомдадым. Бірақ дәл осы жобадағы кейіпкерім ерекше болды. Осыған дейін ойнаған рөлдерімді ішімде сақтап жүремін. Қанша рөл ойнасам да, бәрін ашамын да, бірақ жаппайды екенмін. Қанша жерден образға кірсең де, одан шығу да қиын екен. Ол үшін психологиялық сессиялар да өткіздім.

Сосын бір кісі маған жоба біткен соң қой союға кеңес берді. «Құрбан шалып, қан шығарып, кейіпкеріңді шығарып сал» деді. Істейтін болдым. Қой сойып, шығарып салдым. Көмектеседі екен, кәдімгідей жеңілдеп қалдым», - деді Шәріп Серік 1001 түн бағдарламасында.

Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО)