1214

«Шақыртуды үйімнің төріне қоямын»: Заттыбек Көпболсынұлы «Ақмаржан» хитінің авторына құрмет көрсетті (ВИДЕО)

Ақын Баян Бекетова әншінің өзін ұмытпай концертіне шақырғаны үшін толқып тұрып алғысын айтты.

«Шақыртуды үйімнің төріне қоямын»: Заттыбек Көпболсынұлы «Ақмаржан» хитінің авторына құрмет көрсетті (ВИДЕО)
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесінің менеджері жеке ән кешіне хит әндерінің авторын арнайы шақырту үшін барған.

«Сіздер сүйіп тыңдайтын «Ақмаржан», «Саған гүлім», «Балапан бақыт» әндерінің мәтін авторы.

ІІ Халықаралық Түркі поэзиясы фестивалінің лауреаты. 

«Сорос Қазақстан» Халықаралық қорының «Қазіргі заман поэзиясы» бәйгесінің жеңімпазы. 

Алматы қалалық әкімдігінің Абай оқулары, қала күніне арналған қалалық ақындар мүшәйрасының, тағы басқа көптеген жыр мүшәйраларының жүлдегері. 

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Баян Бекетова әпкем», – деп жазды өнер иесі. 

Ақын Баян Бекетова әншінің концертіне берілген шақыртуды көріп толқып, өзін ұмытпай шақырғаны үшін алғысын айтты.

«Ой, жаным! 27 қараша Алматы дейді. Концерттің аты қандай керемет! Шақырғандарыңа рахмет! Заттыбек, құтты болсын! Заттыбек жаным, алтыным! Өнерің өрлей берсін! 

Сендерге үлкен рахмет! Үлкен рахмет! Жақсы концерт болайын деп тұр екен. Алматы жарқылдайды екен ғой енді. Құдай қаласа барамыз.

Рахмет Заттыбекке! Сәттілік тілеймін концертіне. Заттыбекті бар халық жақсы көреді ғой. Қанша әртістер шықса да, Заттыбектің орны бөлек! Алланың берген таланты ғой! Жаным, алтыным! Шақыртуды үйімнің төріне қойып қоямын», – дейді ақын.

Айта кетейік, танымал әнші Заттыбек Көпболсынұлы Алматыда жанды дауыста концерт беретінін айтты.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор