«Қуырдақты былқылдатып, әңгімеміз жарасатын қыздарыма ысқырдым»: Қарақат Әбілдина өнердегі құрбыларын қонақ қылды (ФОТО)

Аиса Махамбет Редактор
23.11.2024, 18:10
1156
«Қуырдақты былқылдатып, әңгімеміз жарасатын қыздарыма ысқырдым»: Қарақат Әбілдина өнердегі құрбыларын қонақ қылды (ФОТО) жеке мұрағатынан

Көпшілік Қарақат Әбілдина, Тамара Асар, Мәдина Сәдуақасова мен Маржан Арапбаеваның достығына тамсана қарады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Қарақат Әбілдина өнердегі құрбыларының басын қосты.

Өнер иесі үйіне келе жатқан Мәдина Сәдуақасоваға қоса, өзге де құрбыларын қонаққа шақырған.

«Замандастар, армандастар, құрдастар!

Бізді өнер табыстырды. Қай жерде, қай қалада тұрмасақ та, бір-бірімізді іздеп, сағынып тұрамыз. Мына өмірде адамға керегі де сол шығар?!

Мадикош Астанаға бір күнге келіп, «Қақат үйдесің бе? Түсірілімнен шығып келемін» - деп хабарласты. Қуанып, сары самаурынды қайнатып, қазанға кеше сойылған соғымның етінен қуырдақты былқылдатып жіберіп, әңгімеміз жарасатын қыздарыма сықырдым ? Сөйтіп, аяқ астынан жинала қалдық. Көңілден көңіл шәй ішіп, сыйлық алып, балаша қуанып, не керек бір жасап қалдық. Өмір осындай сәттерімен тәтті ғой … Алла қолдап жүрсін, алтындарым?!», – деп жазды ол. 

Әншінің бас қосуды ұйымдастырғаны көпшілікті еріксіз тамсандырды.

«Керемет! Қандай жүрек жарды жазба. Қақат қыз ақылды ғой, алыстан келген Мадикошына құрбылары қоса отырып арқа-жарқа болсын деп жатыр. Осындай қазақи қалпыңнан айналдым жаным. Алла қолдап, әрқашан жар болсын! Амандықтарыңызды тіледім», «Керемет үлгі аларлық достық», «Морозильникте қап кеткен, қартаюды ұмытып кеткен тәтелер», «Біздің қазақтың қыздары қандай әдемі, шіркін. Бақытты болыңдар!», – деп жазды оқырмандар.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады