SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандық танымал продюсер Баян Мақсатқызы отбасымен Біріккен Араб Әмірліктеріне демалысқа аттанды.
Продюсер осы жолғы саяхатына тамыз айында дүниеге келген екі қызын да алып барған.
Баян Алагөзованың Дубайға ұшып кеткені туралы әлеуметтік желіден белгілі болды. Продюсер Instagram-дағы парақшасында ыстық мекеннен сурет пен видео жариялап, көпшілікке демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті.
Баян Мақсатқызы бұл жолы жолдасы мен қызы Айарумен ғана емес, тамыз айында дүниеге келген екі сәбиін де алып барған. Ол кішкентай қыздарымен бассейнде түскен суретін бөлісті. Оған қоса видеолардың бірінде ерлі-зайыптының қос сәбиімен серуендеп жүргенін көруге болады.