Екібастұзда 9-сынып оқушысы жоғалып кетті

Аиса Махамбет Редактор
24.11.2024, 14:14
771
Екібастұзда 9-сынып оқушысы жоғалып кетті жеке мұрағатынан

2009 жылы туған жасөспірім іздестіріліп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, полиция Темірлан Өмірбаевты іздестіріп жатыр. Құзырлы органдар азаматтардан сақтық танытып, баланы көрген адамдар болса, оның қайда екенін хабарлауды сұрайды. Бұл туралы Павлодар-онлайн басылымы жазды.

Полицияның хабарлауынша, құқық қорғау органдарына 2009 жылы туған Темірлан Өмірбаев есімді баланың туыстары хабарласқан.

«22 қараша күні сағат 3.00 шамасында кәмелетке толмаған азамат М.Әуезов, 157 мекен-жайынан шығып кетіп, оралмағаны анықталды», - деп хабарлады полициядан.

Белгілері: бойы 170-180 см, дене бітімі орташа, шашы қара қоңыр, көзі қоңыр, сол жақ бетінде мең бар. Кәмелетке толмағанның үстінде ашық қоңыр-қара күрте, қара джинсы шалбар, қара қалпақ және қара кроссовка. Оның жанында ұялы телефон бар.

«Кәмелетке толмаған баланың жүрген жері туралы ақпарат болса, полицияның 102 нөміріне немесе Екібастұз  қаласының полиция басқармасына 8 (7187)75-05-45, 75-05-54 телефондары арқылы хабарласуды сұрайды», - деп хабарлады полициядан.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды