«45 тәулікке қамалады»: Әйелі мен балаларын ұрып-соққан ақтөбелік жеңіл жазамен құтылды

Аиса Махамбет Редактор
24.11.2024, 14:48
766
«45 тәулікке қамалады»: Әйелі мен балаларын ұрып-соққан ақтөбелік жеңіл жазамен құтылды ryazannews.ru

Балаларын күйеуінен қорғаймын деп алып қашқан әйелін қуып жетіп, аяусыз соққыға жыққан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, полицияның жедел әрекеттерінің нәтижесінде қылмыстық теріс қылық жасаған ер адам қылмыстық жазаға тартылды.

Облыстық ПД мәліметінше, оқиға Ақтөбе қаласында болған. Қала тұрғыны бұрынғы әйелі мен балаларына алкогольдік масаң күйде келіп жанжал шығарып, көшеде кәмелетке толмаған ұлдарына тиісіп, қол жұмсаған. Балаларын бұл жерден дереу алып кетуге тырысқан анасын қуып жетіп, қасақана ниетпен әйелге бірнеше соққылар жасаған.

Бұл дерек бойынша Ақтөбе қаласының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 109-1-бабымен дереу қылмыстық іс қозғап, күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады. Тиісті сараптамалар тағайындалып, жан-жақты тергеу амалдары жүргізілді, - делінген мәліметте.

2024 жылғы 21 қарашада осы іс бойынша сот үкімі шықты. Екі немесе одан да көп адамды және көрінеу кәмелетке толмағандарды ұрып-соғу түріндегі қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін сот үкімі бойынша ер адам 45 тәулікке қамаққа алу жазасына кесілді. Сонымен қатар, сотталушыға ерекше талаптар белгіленіп, ол алкоголь және есірткі өнімдерін қолданбау, сондай-ақ ішкі істер органдарына айына үш рет келуге міндеттелді.

Бұған қоса, сотталушының бір жыл мерзімге жәбірленушімен кез келген байланысына тыйым салынды. Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 15 сәуірде Мемлекет басшысы денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін, сондай-ақ ұрып-соғу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған заңға қол қойды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды