Қайрат Боранбаев Қазақстанға әкелген футболшы Украинада опасыздық жасады деп айыпталды

Аиса Махамбет Редактор
24.11.2024, 16:53
798
Қайрат Боранбаев Қазақстанға әкелген футболшы Украинада опасыздық жасады деп айыпталды fckairat.com

Зеленский Қайраттың экс-ойыншысын наградаларынан айырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украина президенті Владимир Зеленский «Зенит» бапкері Анатолий Тимощукты мемлекеттік наградаларынан айыру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы 1Bol.kz жазды.

Жалпы, атақ-дәрежесінен айрылғандар қатарында Тимощуктен бөлек, тағы 33 адам бар. Олардың бәрі Ресей мен Украина соғысып жатқанда, отанына опасыздық жасаған, сатқын деп танылған.

Осылайша Украинада футболшы барлық мемлекеттік наградасынан айрылды. Сондай-ақ, ел ішінде жеңіп алған титулдарынан қағылды. Өмір бойына Украина аумағында футбол саласында жұмыс істей алмайды. 

Анатолий Тимощук Украина құрамасы сапында 144 матч өткізіп, 4 гол соққан. Бұл көрсеткіш бойынша ол рекордсмен саналады. 

Футболшы осы жайттан кейін Спорттық арбитражды сотқа (CAS) шағым түсірген болатын. CAS оның шағымын қанағаттандырған. Украина билігінің бұлай қатаң шешім қабылдауына негіз жоқ деп санайды.

Бірақ Украина билігі олай ойламайды. 2022 жылы Ресей басқыншылары кіріп келгенде, Тимощук Санкт-Петербургте қалып қойған. Сонымен қатар, бұл соғыста Украинаны қолдамаған.

Еске сала кетейік, Анатолий Тимощуктың футболшы мансабындағы соңғы клубы Алматының «Қайрат» командасы болатын. Оны Қазақстанға Қайрат Боранбаев алдырған еді.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)