914

Анамды жұмыс істеткізбеймін, бар жағдайын жасадым – Әбиба Әбужақынова

Менен жалақы алып отыр деп әзілдеді балуан қыз.

Анамды жұмыс істеткізбеймін, бар жағдайын жасадым – Әбиба Әбужақынова
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, дзюдодан әлемнің екі дүркін жүлдегері Абиба Әбужақынова «Сырласу» тележобасының қонағы болып, жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді.

Париж Олимпиадасынан кейін дзюдошыға демеушілер бірнеше автокөлік сыйға берген болатын. Осыдан кейін ол ата-анасының қамсыз өмір сүруіне бар жағдайды жасауға тырысып жатқанын айтты.

«Анам жұмыс істемейді, менің мысығымды бағып, менен жалақы алып отыр, – деп әзілдеді ол журналистпен болған әңгіме барысында. – Қазір таңда ата-анам жұмыс істемейді. Анам бұрын мектепте мұғалім болған. Ал әкем зауытта жұмыс істеген. Мен олардың жұмыс істегеніне қарсымын. Барлық жағдайын өзім жасағым келеді», - деді даңқты дзюдошы қыз.

Еске салайық, Абиба осы бағдарлама барысында өзін «жылап жүріп автокөлік алды» деп сынағандарға да жауап берген болатын.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор