Трамп жынысын ауыстырғандарды әскер қатарынан қуып жатыр

Аиса Махамбет Редактор
25.11.2024, 11:55
1105
Трамп жынысын ауыстырғандарды әскер қатарынан қуып жатыр SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

АҚШ-та қорғаныс саласындағы 15 мыңнан астам жынысын ауыстырған қызметкерлер мен сарбаздар әскерден қуылады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жаңадан сайланған президент Дональд Трамп АҚШ армиясындағы барлық трансгендерді жұмыстан қуады.

The Times мәліметінше, медициналық тексерістер қорытындысы бойынша 15 мың әскери қызметкер әскери қызметке жарамсыз деп танылып, пагондарынан айырылмақ.

Былтыр сарбаздарды қатарға қосу кезінде бастапқы жоспардан 41 мың адамның кем болғанын ескерсек, аяқ астынан 15 мыңнан астам әскери қызметкердің жұмыстан қуылуы жауынгерлік бөлімшелерге әкімшілік жүктемені арттырады, бөлімшелер арасындағы ауызбірлікті бұзып, дағдылардағы маңызды олқылықтарды күшейтеді, — деді Американың қазіргі әскери қауымдастықтары директоры Рэйчел Бранаман басылымға берген сұхбатында.

Дональд Трамптың жаңа жарлығы 2018 жылдың наурызында шыққан жарлығына қарағанда әлдеқайда қатаңырақ болады деген болжам бар. Ол кезде Трамп трансгендерлердің армия қатарына қосылуына тыйым салып, бірақ қызметте жүргендерге жұмысын жалғастыруға рұқсат берген еді. Алайда Джо Байден бұл шешімді 2021 жылдың қаңтарында жойды.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады