Абай университеті Гонконг Қытай университетімен ынтымақтастықты нығайтуда

25.11.2024, 17:25
537
Абай университеті Гонконг Қытай университетімен ынтымақтастықты нығайтуда ҚазҰПУ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Болат Тілеп Гонконг Қытай университетінің (CUHK) өкілдерімен кездесті.

Бас қосу CUHK білім беру факультетінің базасында ҚазҰПУ ректоры мен білім беру факультетінің деканы, профессор Fan Xitao және білім беру басқармасы кафедрасының меңгерушісі, сондай-ақ CUHK университеттері мен мектептері серіктестік орталығының директоры, профессор Cheung Chi-keung Ala-мен арасында өтті.

Гонконг Қытай университеті (CUHK) - білім беру, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, сондай-ақ озық технологиялар саласындағы мықты позицияларымен танымал. Университеттің халықаралық ынтымақтастық пен инновациялық зерттеулерде тәжірибесі мол. 

Кездесу барысында тараптар ҚазҰПУ мен CUHK арасындағы жемісті ынтымақтастық туралы келісімге келді. Қос тарап арасында алдағы уақытта - студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін бірлескен жазғы мектептерді ұйымдастыру және өткізу жайы қолға алынатын болады. Бұл екі елдің студенттеріне тәжірибе алмасуға, ой-өрісін кеңейтуге және халықаралық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ  университет ректоры Болат Тілеп Гонконг білім беру университетінің (EdUHK) 30 жылдығына арналған мерейтойлық салтанатқа қатысты.  Гонконг білім беру университеті (EdUHK) – Гонконгтағы педагогика мен білім беруді зерттеуге бағытталған жетекші университеттердің бірі. EdUHK өзінің инновациялық оқыту тәсілдерімен, оқытудың жоғары деңгейімен және Гонконгта және одан тыс жерлерде білім беруді дамытуға қосқан елеулі үлесімен танымал.

Гонконг-Қазақстан білім академиясын құру білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл бастама тұрақты білім беру тәжірибелері туралы жаһандық пікірталастарға елеулі үлес қоса отырып, екі елде де тәжірибе алмасуға, инновациялық әдістемелерді дамытуға және білім беру сапасын арттыруға ықпал етуге көмегін береді. Осы мақсатта Гонконг-Қазақстан білім Академиясын құруды бекітетін ынтымақтастық туралы шартқа қол қою рәсімі болып өтті. Бұл өз кезегінде екі ел арасында ғылым, білім беру және тәжірибе алмасу саласындағы озық зерттеулерді ілгерілету алаңына айналатын болады.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген