747

Латын Америкасында Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

Қазақтың төл ойыны Латын Америкасына да жетті.

Латын Америкасында Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды
facebook.com/alikhan.baimenov

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін қазақтың ұлттық ойыны -  тоғызқұмалақ федерециясын құру бойынша шешім Калиде (Колумбия) өткен құрылтай жиында қабылданды. Бұл туралы Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Алихан Байменов Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.  

Латын Америкасындағы Тоғызқұмалақ федерациясы президенті болып, белгілі қоғам қайраткері Оскар Фахардо (Oscar Fajardo), ал Бас хатшылыққа - Герман Гонсалес Гирон (German Gonzalez Giron) сайланған.  

Тоғызқұмалақ тек Колумбияда ғана емес, сонымен қатар Германия, Чехия, Франция, Швейцария сияқты әлемнің көптеген елдерінде де танымал. Қазақстанда тоғызқұмалақпен 200 мыңнан астам адам шұғылданады.