Арақ – атаңнан қалған ас емес: Елімізде 100-ден астам бала ішімдікке тәуелді
Қай дүкенге кірсең де сырты әдемі, жылтыраған ішімдіктер көзге бірден түседі. Кәсіпкерлер көбіне ішімдік сату арқылы табысын арттыруда. Бұл ретте, балалардың ішімдікке тәуелді болу мәселесі алаңдатып отыр.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазан айының басындағы жағдай бойынша Қазақстанда 90 981 адам ішімдікке тәуелді ретінде есепте тұрса, оның 100-ден астамы балалар екен.
Қазақстанда алкогольге тәуелді ретінде есепте тұрған балалардың 64-і - ұл, 45-і - қыз бала.
Қазақстанда наркологиялық диспансерде есепке қою психоактивті заттарға байланысты ресми диагноз болған кезде 16 жастан бастап жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.
Материал авторы