644

Жібек Рыбакинаның орнын баса ма?

Соңғы уақытта қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жеке сында да, жұптық сында да тәуір нәтиже көрсетіп жүр.

Жібек Рыбакинаның орнын баса ма?
SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Мол тәжірибе жинақтап алған соң Рыбакинаның орнын басады-ау деген үміт жоқ емес.

Жақында ол жұптық сында Лозада (Португалия) ITF W35 турнирінің чемпионы атанды. Жібек белорус Юлия Готовкамен бірге финалдық бәсекеде ресейлік Полина Яценко – бельгиялық Ханне Вандевинкельмен кортқа шықты.

Бірінші партияда Құламбаева – Готовко жұбы 6:3 есебімен жеңсе, екіншісінде ресейлік-бельгиялық дуэт есе қайырды – 6:1. Супер тай-брейкте Жібек пен Юлия жеңістіжұлып алды – 10:4.

жігітпессіздер ма түсінетін шығар

Материал авторы