Тариф қымбат: Мақта өндірісі қайдан дамиды?

26.11.2024, 12:38
599
Тариф қымбат: Мақта өндірісі қайдан дамиды? eurasianet.org

Бұған дейін Мәжіліс депутаттары мақта өңдейтін зауыттарындағы электр қуаты тарифы мәселесін көтерген болатын.

Депутаттық сауалда Түркістан облысындағы мақта өңдейтін зауыттардың электр қуатын көтерме бағамен тұтынғысы келетіні айтылған-ды.

Белгілі болғандай, мақта зауыттары 2024 жылдың басынан бері 1 КВт электр қуатыүшін 37 теңге төлеп жүр. Ал көтерме бағаны пайдалану үшін бір тәулікте орташа тұтыну көрсеткіші кемінде 1 МВт болу керек. Мақта өңдейтін кәсіпорындардың тәуліктік қуаты бұған жетпейтіндіктен, жеңілдіктен қағылып отыр. Сол олқылықты жою үшін депутаттар шекті норманы 1 МВт емес, 0,5 МВт-қа дейін төмендетуді ұсынған еді. 

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің айтуынша, шағын тұтынушыларды көтерме нарыққа кіргізсе, қосымша шығындар көбеюі мүмкін. Нақты айтқанда, жүйеде көрсетілетін қызметтердің ақысын, электр қуатымен қамтамасыз ету қызметі сатып алу және теңгерімдеуші нарықтағы теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шығындарын төлеуге міндетті болады. 

«Электр энергиясының көтерме сауда нарығына қол жеткізу үшін кемінде 1 МВт орташа тәуліктік тұтынудың болуы жөніндегі талап энергия жүйесінің тұрақты және тиімді жұмысын қамтамасыз етуге, әкімшілік шығындарды азайтуға және электр энергиясының көтерме сауда нарығының теңгерімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасауға бағытталған», — деп жазады Серік Жұманғарин.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды