636

Құлпынай өспесе де, жұмыс бар: Елімізде қанша шетелдік еңбек етіп жүр?

Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 246 шетел азаматы еңбек етіп жүр екен.

Құлпынай өспесе де, жұмыс бар: Елімізде қанша шетелдік еңбек етіп жүр?
Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында келесі санаттар бар:

- басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 543 рұқсат (бірінші санат),

- құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 514 рұқсат (екінші санат).

- Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4 859 және 917 адам.

- Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 120 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 293  адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 789 жұмыс беруші бар. Оларда 389,8 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,8%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 155 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 387 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 363 адам, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 359 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы –1 168 адам.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 664 адам, Өзбекстан – 1 230 адам, Түркия – 1 150 адам, Үндістан – 1 108 адам.

Материал авторы