«Шашым зақымдалып қалды»: Жұлдыз Өмірғали не үшін парик киіп жүргенін түсіндірді

Аиса Махамбет Редактор
26.11.2024, 18:28
577
«Шашым зақымдалып қалды»: Жұлдыз Өмірғали не үшін парик киіп жүргенін түсіндірді жеке мұрағатынан

Танымал әнші Жұлдыз Өмірғали сахнаға не себепті парик киіп шығатынын түсіндірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі оқырмандарының көп қоятын сұрағына жауап берді. Сөзінше, шашын түрлі техникалық құралдармен бұйралау зақым келтіріп, түсе бастаған. 

“Шашыма қатысты өз ойымды бөлісе отырайын. Соңғы 1 жылда менің түсірілімге қажетті құралдарымның бірі "парик" болып кетті. Себебі, қанша түсірілім болса, сонша рет шашқа түрлі зақым келтіретін құралдар пайдаланады. Ол жерде лак не гель туралы айтып та тұрған жоқпын. Мұның барлығы, әрине кері әсерін алып келеді. Шаш ұштанады, сынады, әлсізденіп, ренкі кетеді. Ұзын шашты қаласаңыз, жоғарыда айтылып кеткеннің бәрін аз мөлшерде пайдаланыңыз. Ал мен ай сайын шашымды бояп тұруым керек. Себебі шашыма ақ түсті. Оған қоса неше рет шашыма рең беретін бояумен боядым. Бәрі-бәрі көңіл күйді түсіреді. Қазіргі таңда осы парик арқылы шашым жақсы бір қалыпқа келіп қалды. Сондықтан, көп сұрақ туындамас үшін жауап беруді жөн көрдім", – деп жазды әнші. 

Еске салайық, шетелдік дәрігерлер шаштың түсуіне әсер ететін әдеттерді анықтады. Дәрігерлердің айтуынша, ыстық су шашқа кері әсер етіп, оларды сынғыш етеді. Сонымен қатар, жоғары температура бас терісінің қорғаныш қабатын зақымдайды. 

"Бас терісі, ішектеріңіз сияқты бактериялар мен саңырауқұлақтардың нәзік тепе-теңдігіне ие. Теріде бірдеңе теңгерімсіз болған кезде, зиянды бактериялар мен саңырауқұлақтар көбейіп, қабынуға, қайызғаққа, себореялық дерматитке, шамадан тыс құрғақ немесе майлы бас терісіне әкелуі мүмкін", – деген еді Гауниц.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды