Итбалықтардың нақты неден өлгені әлі белгісіз

27.11.2024, 11:21
725
Итбалықтардың нақты неден өлгені әлі белгісіз Lada.kz

Каспий теңізінде итбалықтардың өлексесі табылған орындардағы алғашқы сынамалардың нәтижесі белгілі болды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.

«24 қазаннан бастап өлген итбалықтар тіркеле бастады. Шын мәнінде жауапты қызметтердің барлығы сол жерге барды, сондай-ақ ветеринарлар мен экологтар, гидробилогия мен экология институттары, қоғамдық ұйым өкілдері бар.

Тиісті сынамалардың барлығы алынды. Пастереллез, тырысқақ, оба аурулары бойынша алғашқы сынамалар зерттелді. Бұл ретте, осы індеттер табылмады», - деді Е. Нысанбаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның сөзіне қарағанда, қазір мамандар су түбінде жер сілкіну салдарынан табиғи газдың шығуынан немесе судың ластануынан итбалықтар қырылуы мүмкін деген тұжырымды айтып жатыр.

«Маған осы мәселеге қатысты мәлімет беріп жатыр. Атап айтқанда суда нормадан ауытқу байқалмады. Ғалымдардың мәліметінше, қорытынды нәтижені жариялау үшін 3-4 ай уақыт керек. Олардың зерттеу нәтижесін күтеміз.

Өзіміздің экология департаментінің зертханалары ауаның, судың, топырақтың құрамын зерттеді. Бұл жұмыстарға халықаралық ұйымдарды қосқан жоқпыз», - деді министр.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды