Танымал қазақ блогері саяхаттап жүріп, Түркіменстанда тұтқындалды

27.11.2024, 11:56
601
Танымал қазақ блогері саяхаттап жүріп, Түркіменстанда тұтқындалды жеке мұрағатынан

Блогер Ерхат Құсайынов Әбу-Дәбиге дейін баруды жоспарлаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркіменстан шекарашылары "Евро Союз" деген лақап атпен танымал қазақстандық блогер Ерхат Құсайыновты тұтқындады.

Блогер Алматыдан Әбу-Дәбиге автостоппен баруды жоспарлап, сапарда болған. Соңғы рет 17 қарашада байланысқа шығып, Самарқанд пен Бұхарада болғаны туралы айтқан. Осыдан кейін блогер әлеуметтік желілерден ғайып болып, достары дабыл қаға бастады.

Ерхаттың жоғалып кеткені туралы оның Диас есімді блогер досы бірінші болып хабарлады. Ол өз парақшасында оқырмандарынан көмек сұрап, видео жариялады. Кейінірек Диас Ерхаттың табылғанын, ол Түркіменстанға келіп, мемлекеттік органдармен қиындықтарға тап болғанын жазды.

"Достар, Ерхат табылды! Қазіргі уақытта ол байланысқа шыға алмайды. Тек оның тірі және Түркіменстанда екенін білеміз. Шамасы, сол жақтағы мемлекеттік органдарға қатысты мәселелер бар, визаға немесе құжаттарға байланысты болуы мүмкін, бұл әлі анық емес", – деп жазды блогердің досы. 

Ақпаратты сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.

"Оны түркімен шекарашылары өзбек-түрікмен мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін ұстады, біздің елшілік бұл мәселеден хабардар, консул ұсталған азаматпен кездесуді сұрады", – деді Смадияров.

 
Талқылау
 
 
Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)