3088

Олимпиада чемпионы болсаң далада қалмайсың

Талантты боксшы, Олимпиада чемпионы және Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сәпиев Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқармақ.

Олимпиада чемпионы болсаң далада қалмайсың
ortcom.kz

Оның кандидатурасын ҚР Туризм және спорт министрлігінде арнайы комиссия келіскеннен кейін тағайындау туралы өкімге аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев қол қойды.

«Қарағанды спортының тарихы кең, әрі даңқы зор. Жетекші позициямызды қайтару керек. Менің өз жоспарларым, идеяларым бар. Туған жерімді спортқа бейім еткім келеді. Алдымен мен барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарды тыңдап, олармен кездеспекшімін. Содан соң аймақтарды аралаймын. Кездесу қорытындысы бойынша шешім қабылдаймыз», — деді Серік Сәпиев.

Материал авторы