«Ойнап-күліп кеткен адам»: Сәкен Майғазиев марқұм әпкесіне арнап жазба жариялады

Аиса Махамбет Редактор
27.11.2024, 13:31
720
«Ойнап-күліп кеткен адам»: Сәкен Майғазиев марқұм әпкесіне арнап жазба жариялады жеке мұрағатынан

Сәкен Майғазиев өткен аптада марқұм әпкесін есіне алып, көпшілікті жылатты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесінің үлкен әпкесі дүние салған еді. 

“10 қыркүйекте түсірілген күнгі естелік. 9 қыркүйекте Айтгүл апатайым ағамның ұлының үйлену тойына келген. Әп-әдемі, ойнап-күліп кеткен адам. Жолдасының сырқаттанып жүргеніне бірнеше жыл болған. Ауылда қалған Жүніс жездемнің жанынан табылғысы келіп, ауылға асықты. “Демалып, ем алып бір-ақ барасыз” дегенімізге құлақ аспады. Анама саулық тілеп, жездемнің жағдайын жасап жүріп, жалған дүниеден аттанып кете барды. Апатайымыздың айтқанын екі етпедік. Апатаймен ақылдаспай шешім шығармайтынбыз. Алақанымызға салып аялай білдік”, – деп жазды әнші.

Әншінің сөзінше, әпкесінің соңғы сәттерінде жанынан табылған көрінеді.

“Жан тапсыруынан екі күн бұрын, Шымкенттегі облыстық ауруханаға бардым. Қасында бабын жасап Маржан деген әпкем болды. Маңдайынан, қолынан сүйіп, аяғын уқаладым. Әжемнің ескі таспиығын тартып, зікір айтып, салауат жолдадым. Жүрегіне қолымды қойып дем салып, Құран оқып отырғанымда ұйықтап кеткен апатайымның жүзіне қарап көзімен жас шығып кетті. Оятпастан маңдайынан иіскеп, жақсылық тілеп жүре бердім.

Дәрігерлермен сөйлескенімде қара шаңыраққа жеткізіп үлгеру керегін ескертті. Бұл сәрсенбі күні болатын. Сол күні кешке ауылға жеткізілді. Есі кіресілі-шығасылы болып жатқан әпкем: “Бүгін жұма ма?” деп сұрапты. Бейсенбі күні де: “Жұма қашан?”, деп сұрапты. Алланың құдіреті, апатайым қасиетті жұма күні таңғы 8-ден өте жан тапсырды. Алланың бұйрығымен, дәрігерлердің кеңесімен, имамның пәтуәсімен сол күні жер қойнына тапсырдық”, – деді әнші. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды