6563

Еліміздің үш қаласында ЖЭО салынады

Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында салынатын ЖЭО-лар «Самұрық-Энерго» теңгерімінде болады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді.

Еліміздің үш қаласында ЖЭО салынады
Sputnik / Алексей Мальгавко

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі баспасөз мәслихатында тілшілер еліміздің үш қаласында салынатын жылу электр орталықтарына Ресей жағы қанша несие бөлетінін сұрады. 

«Жылу электр орталықтары «Самұрық-Энерго» теңгерімінде болады, яғни мемлекеттік активтер ретінде қарастырылып отыр. Бұл тұрғыда басқа иелері ескерілмеген. Оны салу мерзіміне қатысты Энергетика министрлігі алдағы уақытта мәліметті таратады.

Ал несие сомасы жөнінде қазір нақты деректер жоқ, себебі келіссөздер қарқынды жүріп жатыр. Осы келіссөздерге Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі қатысады», — деді Н. Байбазаров.

Материал авторы