903

7 жасар мектеп оқушысын автобус жүргізушісі қағып өлтірді

Елде автобустың қатысуымен болатын өлім жиілеп кетті.

7 жасар мектеп оқушысын автобус жүргізушісі қағып өлтірді
көрнекі фотосурет / Stock Photo

Соңғы жылдары елімізде автобустың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары артып, өлім де жиілеп кетті. Әсіресе, Алматы қаласында азаймай тұр. 

Бүгін Алматы қаласының кіреберісінде орналасқан «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің аумағында оқушыны автобус басып кетті. 

Оқиға салдарынан 7 жасар бала қайтыс болды. Бұл деректі Алматы облысының Полиция департаменті растады.

– 27 қарашада JAC автобусының жүргізушісі «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің тұрақ аумағында артқа жүрген кезде 7 жасар баланы қағып кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Материал авторы