«Лотерея жеңдіңіз!»: тұрғындарды алдаған оралдық күдікті ұсталды

28.11.2024, 09:49
484
«Лотерея жеңдіңіз!»: тұрғындарды алдаған оралдық күдікті ұсталды Polisia.kz

Алаяқтықтың тағы бір түрі – лотерея жеңгенін айтып адамнан белгілі бір сомадағы қаржыны аудару керегін талап етеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, БҚО-да «лотерея ұтып алдыңыз» деп тұрғындардың алдаған алаяқ ұсталды.

Батыс Қазақстан облысында Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес қызметкерлері тұрғындарды «лотерея жеңімпазысыз» деп алдап, қаражат иемденген Атырау облысының тұрғынын ұстады. Күдікті өзін лотерея компаниясының өкілі ретінде таныстырып, адамдарды жүлде ұтқанына сендірген.

Алаяқ ұтысты алу үшін белгілі бір соманы алдын ала аудару қажет екенін айтып, тұрғындарды иландырған. Осы алаяқтық әрекеттің салдарынан бес азамат зардап шекті. Олар жүлдеден үміттеніп, өз қаражаттарын аударғанымен, не ұтыс, не ақшалары қайтарылмаған. Күдікті құрбандарын Instagram желісіндегі лотерея туралы жазбалардың астында қалдырылған пікірлер арқылы тауып отырған. Жалпы шығын көлемі 140 мың теңгені құрады.

Қазіргі уақытта бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Орал қаласында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция тұрғындарды күмәнді лотереялар мен акцияларға қатыспауға шақырып, сақтық шараларын ұмытпау керектігін ескертеді.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген