Сот шешімі шықты: Мектепте орамал тағуға тыйым салынды

28.11.2024, 09:05
563
Сот шешімі шықты: Мектепте орамал тағуға тыйым салынды Azattyq.org / Ulan Asanaliev

Кәмелетке толмаған балаларға «Білім туралы» Заң мен мектептің Жарғысы бойынша орамал-хиджаб киюіне тыйым салынған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соты мектепте орамал тағуға қатысты ішкі тәртіп ережелері ісін қарады.

Талап қоюшы министрдің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы бұйрығында баскиім киюге тыйым салынбаған деген уәжбен сотқа жүгінді. Ол шаш пен мойынды жабатын орамалды діни сипаттағы киімге жатқызумен келіспейді. 

Сот тараптардың дәлелдерін зерттеп қарастырды. 

«Білім туралы» Заң мен мектептің Жарғысы мектеп формасы барлық оқушылар үшін діни немесе басқа да ерекше белгілерсіз біртұтас болуы керек деп ұйғарады. Бұл оқушылар арасындағы теңдікті, бейтараптықты және үйлесімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Әртүрлі конфессиялардың элементтерін мектеп формасына енгізуге жол берілмейді», - деген қорытындыға келді. 

Соттың қорытындысына сәйкес, бірыңғай форма ұйымдасқан және тәртіпті оқу ортасын құруға ықпал ететін маңызды элемент. 

«Ата-ана балалардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюін қамтамасыз етеді. Сот білім беру мекемелерінің белгіленген талаптарын сақтаудың маңыздылығына назар аударды. Сот қағидалардың 16-тармағының 2) тармақшасын заңсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырудан бас тартты», - делінген соттың шешімінде. 

Шешім заңды күшіне енген жоқ. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды