Майнингті майшелпекке айналдырған: Павлодарлық кәсіпкерлер ұсталды

28.11.2024, 10:07
532
Майнингті майшелпекке айналдырған: Павлодарлық кәсіпкерлер ұсталды freepik.com

Павлодарда криптовалютамен айналысып, заңсыз табыс тапқан кәсіпкерлер анықталды. Олар жалпы сомасы 100 млн теңгеге жуық қаржыны қалтаға басқан.

Бұл туралы өңірлік экономикалық тергеу департаментінің өкілдері — басшының орынбасары Қамбар Қабдуллин мен департаменттің бірінші жедел басқармасының бастығы Жоламан Қиналбеков хабарлады.

«Заңсыздықтың бірі Павлодардың индустриялық аймағындағы базалардың бірінде тіркелді. Бұл жерде заңсыз майнинг ұйымдастырылып, криптовалюта өндірілген. Арнайы рұқсаты жоқ, тиісті салық төлемеген кәсіпкер 39 миллион теңгеге жуық табыс тапқан.

Барлық майнинг техникасы тәркіленді. Ал екінші жағдайда күдікті криптоәмиян арқылы тауарды сатудан түскен пайданы қолма-қол ақшаға айналдырып, заңсыз айырбастау операцияларын жүргізген. Ер адам Қазақстанда да, Ресейде де заңсыз қызметпен айналысқан. Оның табысы шамамен 60 миллион теңгеге жуықтаған», — деп мәлімдеді департамент өкілдері

Екі дерек бойынша да ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы «Заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банктік, микроқаржыландыру немесе коллекторлық қызмет» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды