Қазақстанның алты құндылығы: MNU білім алушылары студенттер қатарына қабылдау рәсімінде ұлттық бағдарларды таныстырды

28.11.2024, 10:38
459
Қазақстанның алты құндылығы: MNU білім алушылары студенттер қатарына қабылдау рәсімінде ұлттық бағдарларды таныстырды MNU

26 қараша күні Астанада Maqsut Narikbayev University білім алушыларына арналған жыл сайынғы студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, іс-шара 5000-нан астам қатысушыны жинап, университет үшін маңызды оқиға болған.

Бұл кеш жаңа студенттерді академиялық қоғамдастыққа қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Төрт мектептің студенттері — Халықаралық экономика мектебі, Жоғары құқық мектебі, Жоғары гуманитарлық мектеп және Халықаралық журналистика мектебі — іс-шараның бас жүлдесі Студенттер қатарына қабылдау кешінің кубогы үшін бақ сынасты.

1995 жылдан бері өткізіліп келе жатқан студенттер қатарына қабылдау рәсімі жыл сайын ауқымын кеңейтіп, университет пен білім беру қауымдастығы үшін маңызды оқиғаға айналды. Биылғы шараның басты идеясы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық Құрылтайда атап өткен қазақстандықтардың алты негізгі құндылығымен үндестік тапты: тәуелсіздік пен отаншылдық, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық пен жаңашылдық. Осы құндылықтар жастардың азаматтық ұстанымын нығайтып, ел болашағына деген жауапкершілік сезімін арттырудың негізіне айналды.

Жеребе тарту арқылы әр мектепке өз тақырыбы бекітіліп, оларды іс-шара аясында көрнекі түрде таныстыру міндеті жүктелді. Жоғары гуманитарлық мектеп «Тәуелсіздік пен отаншылдық» тақырыбын шебер ұсынса, Жоғары құқық мектебі — «Бірлік пен ынтымақ» құндылықтарын айшықтады. Халықаралық экономика мектебі «Заң мен тәртіп» ұстанымын, Халықаралық журналистика мектебі «Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік» құндылықтарын ерекше креативпен жеткізді.

Сондай-ақ кеш бағдарламасының аясында ерекше оқиға орын алды — Қазақстанның ең үлкен туы ашылды. Аумағы 800 шаршы метрді құрайтын, салмағы шамамен 60 килограмм жібек ту елдің болашағына деген асқақ арманның және Отанға деген шексіз мақтаныштың символын бейнеледі.

Салтанатты рәсім Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтті, онда студенттер театрландырылған қойылымдар мен әлеуметтік жобаларын көпшілік назарына ұсынды. Барлық факультеттер ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан құрметті кубокты иелену жолында қызу бәсекеге түсті.

Биылғы жылы Халықаралық экономика мектебі лайықты жеңісіне қол жеткізіп, құрметті студенттер қатарына қабылдау кубогының иегері атанды.

Бұл маңызды шараға дайындық үш айға созылды. Репетициялар, жаттығулар және шығармашылық жұмыстар студенттердің жоғары ұйымдастырушылық қабілетін, үйлесімді командалық рухын және шынайы ынтасын көрсеткен тамаша мүмкіндікке айналды.

Кештің басты хедлайнері танымал Irina Kairatovna тобы болды. Олардың өнері шараға ерекше қуат пен позитив сыйлап, салтанатты кештің жарқын нүктесін қойды.

Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады