Борышкерлер букмекерден қаржысын қайтара ала ма?

28.11.2024, 13:31
681
Борышкерлер букмекерден қаржысын қайтара ала ма? SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Құмар ойынның құрбанына айналып, бірнеше банктен несие рәсімдегендер аз емес. Бұл ретте, Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитетінің баспасөз қызметі Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрған азаматтарға, яғни құмар ойын, бәс тігуге тыйым салынған азаматтарға қатысты түсініктеме берді.

«Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті 2024 жылғы 15 қарашада таратқан баспасөз релизін кейбір БАҚ және әлеуметтік желіқолданушылары қате түсініп, Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде (ББТ) тұрған азаматтар букмекерлік кеңселерге аударылған қаражаттарын қайтарып ала алады деген жалған ақпарат таратқан. Комитет бұл мәліметті ресми түрде жоққа шығарады»- делінген хабарламада.

«Ойын бизнесі туралы» заңның 15-бабы, 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, ББТ-да тіркелген азаматтарға құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға толық тыйымсалынған. Егер құмар ойындарға немесе бәс тігуге заңсыз қатысу анықталса, ойынбизнесін ұйымдастырушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Алайда, бұләкімшілік шаралар аударылған ақшаны мәжбүрлеп қайтаруды қарастырмайды.

Комитет ББТ-да тұрған азаматтарды құмар ойындар мен бәс тігуге қатысудан аулақ болуға шақырады және олардың мұндай әрекеттерден өздерін қорғау қажеттігін ескертеді.

«Комитет букмекерлік кеңселердің шоттарына аударылған қаражаттарды қайтарумен айналыспайды және мұндай қызмет көрсетуге уәкілетті емес. Егер қаражатты қайтаруға қатысты даулар туындаса, азаматтарға сотқа дейінгі реттеу субъектілеріне жүгіну керек. Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес, сотқа шағымдану ұсынылады», - деп түсіндірді ведомство.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді