Астанада ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы басталды

28.11.2024, 14:39
664
Астанада ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы басталды Aqorda

Астанада көптен күткен ауқымда жиын басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясын ашық деп жариялады.

«Тұтастай алғанда, Қазақстан ұйымға төрағалық еткен кезеңде ҰҚШҰ-ның алдында тұрған барлық міндеттер орындалды. Басым бағыттарды іске асыруда көрсеткен қолдауларыңыз үшін және бірлескен жемісті жұмыстарыңыз үшін үлкен ризашылығымызды білдіремін

Құрметті әріптестер, қымбатты достар! Бүгін біз халықаралық аренадағы және өңірдегі ахуал туралы пікір алмасып, оның ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне әсерін бағалауымыз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, бүгінгі сессияда ұйымға Қазақстан төрағалық еткенкезеңде атқарылған жұмыстар қорытындыланады.

«Сондай-ақ, біз ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды бағыттарында атқарылған жұмыс туралы мәліметті тыңдап, өткен кезеңдегі қызметті қорытындылаймыз. Төрағалық етушінің құқығын пайдалана отырып Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті сессиясын ашық депжариялауға рұқсат етіңіздер», — деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, аталмыш жиынға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Ресей президенті Владимир Путин ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағанбетов қатысып отыр.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды