«Әлі ұйықтай алмаймын, ал ағам оны әлі іздейді»: Әнші Луина із-түссіз жоғалып кеткен анасын есіне алды

Аиса Махамбет Редактор
28.11.2024, 15:40
521
«Әлі ұйықтай алмаймын, ал ағам оны әлі іздейді»: Әнші Луина із-түссіз жоғалып кеткен анасын есіне алды жеке мұрағатынан

Отандық шоу-бизнес жұлдызы, әнші Луина балалық шағынан сыр шертіп, жоғалып кеткен анасына қатысты мәліметті бөлісті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі "Din Dina show" телебағдарламасына берген сұхбатында айтты. 

“Әкем мен анам мен үш жасқа толғанда ажырасып кеткен. Бес жасқа толғанда анам із-түссіз жоғалып кетті. Содан кейін оралған жоқ. Ол кісіге не болғанын білмеймін. Анам қатты есімде қалмады. Анамның шашымды өріп бергені ғана есімде. Одан кейін жоғалып кеткен түн ғана есімде. Сол түні ұйықтамаған едім. Қазір мен ол кісіні іздемеймін. Кейде әпкем немесе ағам қоңырау шалған кезде, қазір қоңырауды көтерсем, анам табылғанын айта ма деп қорқамын. Мен бұл сезімді түсіндіре алмаймын. Жай ғана қорқамын. Менен 4 жас үлкен ағамды уайымдаймын. Ол анамды осы күнге дейін іздеп жатыр, оның жаны тынышталар емес. Анам жоғалып кеткен кезде ол 9 жаста болды. Анам бізді тастап кеткен сәтте үйде ағам екеуміз болдық. Ол кезде ағамның ақыл-есі кіріп қалғандықтан, бұл жағдайды қабылдау оған қиын болды. Ол уайымдап, "анамды қорғай алмадым" деп жылайтын. Кей кезде ол өзін кінәлайды”, – деді әнші.

Сондай-ақ эстрада жұлдызы әкесінің де кім екенін білмейтін болып шықты. 

“Олардың ажырасуына не болғанын білмеймін. Бірақ менің түрім әкеме тартқан. Сол кісіге қатты ұқсаймын. Бірақ әкемнің мені танитынына, кім және қайда екенімді білетініне сенімдімін. Өйткені оның бірінші отбасынан балалары бар. Олар мені 10 жыл бұрын іздеген болатын. Менде анамның суреттері бар, оны әлеуметтік желіге жүктегенмін. Анамның жоғалып кеткені туралы жиі ойлап тұрамын. Анам жоғалып кеткелі бері бір рет болсын түсіме кірген жоқ. Соған қарағанда тірі шығар деп ойлаймын. Онымен кездесе аламын ба білмеймін. Бірақ ағам үшін қатты уайымдаймын”, – деді өнер иесі. 

Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды