Ерекше қажеттілігі бар 100-ден астам жас қазақстандық IT мамандықтарын меңгерді

28.11.2024, 19:52
603
Ерекше қажеттілігі бар 100-ден астам жас қазақстандық IT мамандықтарын меңгерді

Астанада «OrleTECH 3.0» қайырымдылық жобасы аясында ерекше жастарға арналған оқудың қорытындысы шығарылды. Естеріңізге сала кетейік, тиісті дәрістер ағымдағы жылдың шілде айында басталған болатын.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1800 өтініш түсіп, оның ішінде 18 бен 35 жас аралығындағы 180 адам іріктеліп алынды. Олардың көпшілігі студенттер және әртүрлі топтағы мүгедектігі бар адамдар екенін атап өткен жайт.

Қатысушылар үш бағыт бойынша цифрлық мамандықтарды оқыды: No Code әзірлеу, UX/UI design және жаcанды сана (AI) маманы. Нәтижесінде оқушылар курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификат алса, ал 10 үздік жобаның авторлары ҮЕҰ-дан 100 000 теңгеге дейінгі коммерциялық тапсырыстарға ие болды.

Жобаға қатысушылар оқудың олар үшін сұранысқа ие цифрлық кәсіптерді меңгеру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар өмірден өз жолын табуға қарай жасалған қадам болғанын айтады. Олардың көпшілігі бағдарламаның өздеріне сенімді ұлғайтқанын, ал тәжірибелік дағдылар бұдан әрі жұмысқа орналасу көкжиегіне жол ашқанын әңгімелейді.

«Жобаға қатысу бізге UX/UI дизайны саласындағы сұранысқа ие дағдыларды меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар өз қабілетімізге деген сенімділікті арттыруға мүмкіндік берді. Өз басым кәсіби өсу мен табысты жұмысқа орналасу үшін мүмкіндік сыйлайтын құнды тәжірибе жинадым. Аталған жоба менің әлеуетімді жүзеге асыру және мансаптық мақсаттарыма жету жолындағы маңызды қадам болды», - дейді Жамбыл облысынан жобаға қатысушысы Дина Сматлда.

Лагерьдің ашылуында Қор басшысы Нұрлан Жақыпов мәлімдегендей,оқуға қатысушыларға «Самұрық-Қазына» тобының компаниялар тобынажұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі.  

Марапаттау рәсімінде «Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов қазіргі уақытта Қорда үш мыңға жуық ерекше қажеттілігі бар қызметкер жұмыс істесе, тек соңғы 10 айда 447 адам жұмысқа орналасқанын жеткізді. Ол Қор ерекше қажеттілігі бар адамдарға қолдау көрсетуді жалғастыратынын қоса кетті.

Айта кету керек, жобаны бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қоры Shell және «IteachMe» қорымен бірлесіп жүзеге асыруда.

Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді Астанада бір топ жігіт екі баланы ұрып кеткен Шерзаттың сотында айыпталушы Тоқтаубаев өтірік айтқанын мойындады Қазақ сарбазы АҚШ-та рекорд орнатты