Алматыда поролон өндіретін цех өртенді
Ғимарат ішіндегі қою түтін мен тез тұтанатын материалдар құтқарушылардың жұмысын қиындатқан.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматының Қайрат шағынауданында поролон шығаратын цехтан өрт шықты. Тілсіз жау жеке тұрғын үй ауласындағы ғимаратты шарпыған. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары өртті толық сөндірді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Оқиға туралы хабар 112 пультіне түскен бойда өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел жеткен.
Құтқарушылардың жұмысына ғимарат ішіндегі қою түтін мен тез тұтанатын материалдар айтарлықтай кедергі келтірген. Соған қарамастан өрт сөндірушілер жалынның одан әрі таралуына жол бермей, оны толық ауыздықтады.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелмеген.
Материал авторы