991

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның қатарына енді

The Muslim 500 тізімі жарияланып, оған Қасым-Жомарт Тоқаев пен Димаш Құдайберген енді.

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның қатарына енді
Ақорда

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен әнші Димаш Құдайберген 2027 жылға арналған әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне қосылды. Мемлекет басшысы «Саясат», ал қазақстандық өнерпаз «Өнер және мәдениет» санатында көрсетілген. Бұл туралы The Muslim 500 жарияланымы хабарлады.

Иорданияда орналасқан Корольдік ислам стратегиялық зерттеулер орталығы (The Royal Islamic Strategic Studies Centre) әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның жыл сайынғы тізімін жариялады.

2027 жылға арналған тізімнің «Саясат» санатына Қасым-Жомарт Тоқаев енгізілген. Басылым авторлары Қазақстан президентінің 2022 жылы ауқымды саяси реформаларды жүзеге асыруды көздейтін «Жаңа Қазақстан» бастамасын көтергенін атап өткен.

Сондай-ақ авторлар 2022 жылғы қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауында Тоқаевтың сайлаушылар дауысының 81,31 пайызын жинап, жеңіске жеткенін еске салған.

Ал Димаш Құдайберген «Өнер және мәдениет» санатында көрсетілген. Жарияланымда қазақстандық әншінің алты октаваға жететін ерекше вокалдық диапазоны атап өтілген.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Димаш Құдайберген 2022 жылы да әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енген болатын.

Материал авторы