712

Жас һәм мас әкім: Павлодарлық мемқызметкер ұсталды

Павлодар облысындағы Қалқаман ауылдық округінің әкімі мас халде ұсталды.

Жас һәм мас әкім: Павлодарлық мемқызметкер ұсталды
Sputnik / Дмитрий Астахов

Қалқаман ауылдық округінің 31 жастағы әкімі қызметтік автокөлікті мас халде жүргізген. Мұны медициналық сараптама растады. Тілеуғали Кендебай 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

«Әдеп жөніндегі кеңестің шешіміне сәйкес, Қалқаман ауылдық округінің әкімі Тілеуғали Кендебайды қызметінен босату ұсынылды», - деді әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Асхат Іскендіров.

Айта кетейік, Қалқаман ауылдық округінің әкімі бұл лауазымға былтыр желтоқсанда тағайындалған болатын.

 

Материал авторы