Елімізде пошта жаппай жабылып жатыр: Себебі неде?

29.11.2024, 11:20
647
Елімізде пошта жаппай жабылып жатыр: Себебі неде? atr.kz

Көптеген ауылда пошталар дұрыс жұмыс істемейтінін тұрғындар жиі айтады. Әлі күнге дейін зейнетақысын поштадан алатындар бар. Газет-журналға жазылса да, өзге де қызметтерге жүгінсе де пошта табалдырығын аттайтыны түсінікті.

Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында Ақтөбе облысындағы бірнеше ауылда неге пошта бөлімшесі жабылып қалғанын түсіндірген.

«Жосалы, Әлімбет, Шәмші Қалдаяқов ауылдарындағы пошта бөлімшелерін жабу туралы шешім ауылдық бөлімшелерді ұстауға жұмсалатын шығыстардың ұлғаюымен және көрсететін қызметтерге сұраныстың төмендеуіне байланысты болды. 2023-2024 жылдары төмен рентабельділік себебінен 167 ауылдық пошта байланысы бөлімшесі жабылды», - деп жазылған жауапта.

Үкіметтің мәліметі бойынша, 2023 жылы «Қазпоштаның» ауылдарда қызмет көрсету шығыны 17,5 млрд теңге болған. Бұл тарифтердің нақты шығындармен сәйкес келмеуіне байланысты.

«Газеттер мен журналдарды жеткізу тарифі 2017 жылдан бері 17 теңге мөлшерінде, өзгеріссіз қалып отыр. Ал бұл қызметтің өзіндік құны 353 теңгеге жеткен. Ауылдарда зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді жеткізу қызметінің шығындары да осыған ұқсас. Қолданыстағы 247 теңге мөлшерлемесі нақты шығындарды өтемейді. Ал «Қазпошта» үшін қызметтің өзіндік құны 477 теңге болып отыр», - деп жазады Олжас Бектенов.

«Қазпошта» АҚ Әлімбет және Ш. Қалдаяқов ауылдарында пошта байланысын жылжымалы бөлімшесі арқылы, ал Жосалы ауылын ауданы орталығы Қарғалыға бекіту арқылы реттей бермек.

Бұл мәселе өзге облыстарға ортақ екені жасырын емес. Қайтпек керек?!

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді